ШЫМКЕНТТЕ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНДАРЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРДІ ЕНГІЗУ БОЙЫНША ТӘЖІРИБЕ ЖИНАҚТАДЫ

32
0

Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасына қарасты «№2 оңалту орталығы» базасында реабилитолог-дәрігерлер, невропатологтар, ортопедтер, кардиологтар және терапевтер үшін халықаралық оқыту-практикалық курсы өтті.
Оқыту бағдарламасы Астана қаласындағы халықаралық «Сиань” клиникасының медицина ғылымдарының докторлары: Цзо Цзя, Хэ Вэй, Цзя Чжунлин және Сара Жамалиеваның жетекшілігімен жүргізілді.
Қытай дәрігерлері оңалту орталығының жұмысымен танысып, церебральды сал ауруы бар бірнеше пациентті қабылдап, кеңес берді.
Сонымен қатар дәстүрлі қытай медицинасының негіздері, диагностика мен емдеудің негізгі қағидаттары, церебральды сал ауруын емдеудегі терапия мен оңалтудың заманауи тәсілдері, инсульттан кейінгі оңалтуы: денсаулықты қалпына келтірудің тиімді әдістері бойынша дәрістер өткізілді.
Бұл оқытудың мақсаты – Шымкент қаласының дәрігерлерін жыл бойы оқыту, білім мен тәжірибе алмасу және неврологиялық науқастарды кешенді емдеуде инновациялық әдістерді енгізу болып табылады.