ШЫМКЕНТТЕ ӘСКЕРИ БОРЫШЫН ӨТЕУГЕ НИЕТТІ АЗАМАТТАРЫ ҚАТАРЫ АРТТЫ

117
0
Шымкент қаласында өткен жылы көктемгі және күзгі әскер қатарына шақыру жұмыстары жоспарға сай жүргізілді. Әскерге шақыру науқанын сапалы ұйымдастыру – басты талап.
Жергілікті атқарушы органдар бірлескен іс-әрекеттерді жүргізу, насихат жұмыстарын күшейту, жедел іс-шаралар қабылдауда нақты тапсырмалар берілді. Барлық аудан бойынша әскерге шақыру жоспары толық орындалды.
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметіне, басқа да әскери бөлімдер мен құрылымдарға шақырылушыларды даярлап, барлық талаптарға сай заң аясында жеке құжаттары рәсімделіп, медициналық және тағы басқа жоспарларға сай жұмыстар атқарылды.
Шымкент қаласы Еңбекші және Қаратау аудандарының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқармасы 2022 жылғы жоспарды толық орындады. Атап айтқанда, 2022 жылы Қаратау ауданы бойынша 477 ер бала әскери борышын өтеуге жөнелтілді. 2023 жылы аудан бойынша 2102 ер азамат тіркеуге жатады.
Еңбекші ауданы бойынша 2022 жылдың көктемгі және күзгі әскерге шақырылым кезеңінде әскер қатарына 345 азамат жөнелтілді. Биыл әскери шақырылымға 310 азаматты жіберу жоспарлануда.
Әл-Фараби ауданы бойынша 2022 жылы 576 ұлан әскерге жолданып, жоспар 100 %-ға орындалды. Абай ауданы бойынша 2022 жылдың күзгі шақыру науқанында 271 азамат әскер қатарына жіберілді. 2023 жылдың көктемгі және күзгі шақырылым жұмыстарын жоғары дәрежеде жүргізу бойынша Абай, Әл-Фараби аудандары қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқармалары бірлескен іс-шара жоспарын бекітті.
Қазіргі уақытта бесінші Тұран ауданының қорғаныс істері жөніңдегі басқармасын құру жұмыстары қолға алынған. Биыл қаңтар және наурыз айларында Тұран ауданының ер азаматтарын тіркеу жұмыстары жүргізіледі. Осы жылы ауданнан 1500 азамат тіркеледі деп межеленуде.
Қазіргі таңда шаһарда 2023 жылғы көктемгі шақыру науқанына іріктеу және зерделеу жұмыстары басталды. Шымкент қаласы бойынша тіркеуге жататын ер азаматтар саны – 3223.