ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА 2 270 КӨШЕ ТҮНГІ ЖАРЫҚПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛДІ

28
0
Шымкент қаласы әкімінің тапсырмасына сәйкес, 2024 жылы жол инфрақұрылымын дамыту және тұрғындарға қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру мақсатында ауқымды жарықтандыру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, бір жыл ішінде жарық шамдармен қамтылған көшелер саны 20 есеге артып, 2 270 көше түнгі жарықпен қамтамасыз етілді.
Бұл бастама тұрғындардың қауіпсіздігін арттырып, қаланың түнгі көркін жаңа деңгейге көтерді. Қала әкімінің тапсырмасымен 2025 жылы ішкі орам көшелерін 100% жарықтандыру көзделіп отыр.