ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІ АППАРАТЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

36
0
Түркістан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болып Тоғызбаев Айдос Мүсірәлиұлы тағайындалды. Жаңа орынбасарды Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркебұлан Дауылбаев ұжымға таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.
– Мемлекет басшысы, Үкімет тарапынан жергілікті әкімдіктерге маңызды міндетер жүктеліп отыр. Өңір басшысы Нұралхан Оралбайұлының бастамасымен облысты дамыту бойынша ауқымды іс атқарылуда. Облыс әкімі аппараты осы бағытта жүйелі жұмыс жүргізуі тиіс. Уақытты тиімді пайдаланып, тапсырмаларды жедел әрі сапалы орындау керек. Осы бағытта жемісті еңбек етеді деп сенім білдіремін, – деді Еркебұлан Дауылбаев.
Тоғызбаев Айдос Мүсірәлиұлы 1988 жылы өмірге келген. Білімі – жоғары: М.Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институтын және Қазақ технология және бизнес университетін бітірген. Мамандықтары – құқықтану, экономика.
2008-2010 жылдары Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының іс жүргізушісі, Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының жетекші маманының міндетін атқарушы, Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының жетекші маманы қызметтерін атқарған.
2010-2011 жылдары Алматы қаласы, Жетісу ауданы №2 аудандық сотының жетекші маманы, «Қазақстан құстары» ЖШС-нің заңгері болса, 2012 жылы ҚР Әділет министрлігінің кадр департаменті мемлекеттік қызметкерлердің этикасының сақталуын бақылау басқармасының сарапшысы болды.
2013-2019 жылдары аралығында ҚР Әділет министрлігінің кадр қызметі департаментінің мемлекеттік қызметшілердің этикасының сақталуын бақылау басқармасының сарапшысы, ҚР Әділет министрлігінің кадр қызметі департаменті мемлекеттік қызметшілерді бағалау және мониторингтеу басқармасының бас сарапшысы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің персоналды басқару бөлімі кадр жұмысы секторының бас консультанты-әдеп жөніндегі уәкілі болып еңбек етті. 2019 — 2021 жылдары Түркістан облысының Әділет департаменті басшысының орынбасары болса, 2021 жылдың 7 шілдесінен бастап қазіргі уақытқа дейін Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің басшысы болып қызмет атқарып келді.