ҚАЗГИДРОМЕТ ҮШ КҮНГЕ АРНАЛҒАН АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫН ЖАРИЯЛАДЫ

Синоптиктер 20-21-22 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
Болжам бойынша, алдағы күндері ел тұрғындары климаттық айырмашылықты айқын сезеді.
— Республиканың солтүстік өңірлеріне антициклон әсер етеді. Ол негізінен жауын-шашынсыз аязды ауа райын сақтайды. Ал, оңтүстік өңірлерде жағдай керісінше: мұнда баяу жылжып келе жатқан оңтүстік циклоны ықпал етеді, күндізгі температура біртіндеп 10-15 градусқа дейін көтеріледі, — делінген хабарламада.