ҚЫТАЙДА ЖАҢА КОРОНАВИРУС АНЫҚТАЛДЫ

Қытайлық вирусологтар жарқанаттардан адамға COVID-19 сияқты жұғатын жаңа коронавирусты анықтаған, — деп хабарлайды  South China Morning Post газеті. 

Зерттеушілердің пікірінше, вирус коронавирустардың жаңа желісіне жатады және HKU5-CoV-2 деген атау алған. Ол Гонконгта жапон жарғанатынан табылған.

Зерттеу Гуанчжоу зертханасында Қытай Ғылым академиясының, Ухань университетінің және Ухань вирусология институтының ғалымдарымен бірге жүргізілген. Жұмысты атақты вирусолог Ши Чжэнли басқарған, ол коронавирустарды зерттеуіне байланысты ғылыми ортада «жарғанат» деген лақапатқа ие.

Мамандар HKU5-CoV-2 адамның AСЕ2 рецепторымен әрекеттесуі мүмкін екенін анықтапты, бұл оны адамдарға жұқтырады. Дегенмен ғалымдар дүрбелеңге себеп жоқ екенін айтты, вирустың адамдарға тарау қаупі әзірге төмен деп бағаланып отыр. Алайда зерттеушілер оның қаупін бағалау үшін жаңа штамды зерттеуді жалғастыруды ұсынып отыр.

Айта кетейік, 2024 жылы желтоқсанда америкалық конгрессмендер екі жылдық тергеуден кейін COVID-19-дің зертханалық шығу тегі болуы мүмкін екенін және Уханьнан тарады деп мәлімдеді. Баяндамада олар өткен пандемияларға қарағанда вирустың ерекше биологиялық ерекшеліктеріне қатысты дәлелдер келтіреді.