SHYMKENT IT HUB – ИННОВАЦИЯЛАРҒА ЖОЛ АШАТЫН ОРТАЛЫҚ

21
0

Шымкент қаласында жүзеге асырылған «Shymkent IT Hub» жобасы өңірдегі цифрлық трансформацияның маңызды кезеңін белгілейді. Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша «Astana Hub» үлгісінде еліміздің барлық өңірлерінде ІТ орталықтар ашу жоспарланған болатын. Осы мақсатта, 2023 жылдың мамыр айында Шымкент қаласында «Shymkent IT Hub» орталығы ашылды.
Бұл туралы бүгінгі брифинг барысында Шымкент қаласы цифрландыру басқармасының басшысы Мұхит Әбутәліпұлы атап өтті. Ол өз сөзінде, аталмыш орталықтың өңірдегі ІТ кәсіпкерлікті дамыту мен цифрлық технологияларды енгізуге үлкен үлес қосатынын атап өтіп, өңірдегі жас кәсіпкерлер мен стартап жобаларға қолдау көрсету үшін түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып жатқанын мәлімдеді. Сонымен қатар, «Shymkent IT Hub» орталығында тек ІТ мамандары үшін ғана емес, жалпы қала тұрғындары үшін де жаңа мүмкіндіктер мен білім алаңы болып табылатынына ерекше мән берілген.
Орталықта технологиялық кәсіпкерлікті дамыту және ІТ-қауымдастықты қалыптастыру мақсатында 72 іс-шара өткізіліп, 2000-ға жуық адам тіркелді. Аталған шаралардың бірі – еліміздегі ең ірі «Decentrathon 2.0» хакатоны, оған 2000-нан астам қатысушы қатысып, өңірімізден 80 адам адамнан тұратын 29 команда қатысты. Бұл жарыс жасанды интеллект, блокчейн, ойын индустриясы мен телеграм шағын қосымшалары сияқты маңызды ІТ бағыттарында өтті. «Shymkent IT Hub» жобасы тек ІТ мамандары үшін емес, жалпы халық үшін жаңа мүмкіндіктер мен білім алаңын ұсынады.