Ермұхамет ендігі жерде елшілік қызмет атқармақ
Елбасының саяси мәселелер бойынша кеңесшісі қызметін атқарып келген Ермұхамет Ертісбаев мемлекет басшысының ұйғарымымен Қазақстанның Грузиядағы елшісі болып бекітілді. Бұл тосын тағайындау ел-жұрт арасында әралуан пікірлерді де өрбітті. Бұлай болатын жөні де бар. Өйткені «бетегеден биік, жусаннан аласа» болып ішкі саясаттың тірлігін ғана тындырып келген «майталман маманға» сыртқы саясаттың маңызды саласының тізгінін сеніп тапсыру кімді-кімді де ойға қалдырса керек. «Майталман маман» деп жеке басына мән беруіміздің де мәнісі бар. Ұлттық тәрбиенің қайнарынан қанап ішпеген ол екі жарым жыл мәдениет және ақпарат министрі болған тұста аталмыш уәзірліктің шаруасын шатқаяқтатып-ақ жіберген. Енді оның бүгінгі күнге дейінгі «өсу баспалдақтарына» зер салалық.1995 жылдың наурыз айында Президент командасына қабылдағаннан ол он екі жыл бойы кеңесші, екі жыл Президент әкімшілігі бөлім меңгерушісі, екі жыл Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директоры, екі жарым жыл мәдениет және ақпарат министрі, Президент кеңесшісі тәрізді лауазымдарды атқарған.
Осындай өрлеу жолынан өткен Ермұхамет Ертісбаев ендігі жерде елшілік қызметте жаңа қырынан танымақ. Ерекең өзіне беймәлім бұл салада да бүгежектей қоймас деген үміттеміз. Оны ендігі уақыт көрсетпек. «Айқын» басылымының тілшісі Айжан Көшкенованың: «Сіз бұған дейін Грузияда болып па едіңіз? Бұл ел қалай елестетесіз?»- деген сауалына:
— Грузияда ешқашан болған емеспін. Бірақ көне өркениеті мен мәдениеті бар бұл ел туралы көп естідім. Әрі байырғы тарихи өзара байланыстарымыз бейтаныс елге барған оғланымыз жұртымыздың бағын жандырғай! Бұдан артық қандай тілек болмақ.
Әзіз РАСҰЛ.