Заманың түлкі болса, тазы болып шалу керек пе?

336
0

dance_invalid1Адам баласы есейе келе, өмірдің мәнін түсіне бастағаннан бастап қателік жасамауға тырысады. Өмірдің ағысымен  күн кешеді. Өмір өзіне тосын сый жасайтынындай  көрінеді. Осылайша,  тағдырын өзі жасап алады да, қателікке ұрынып жатады.Тағдырдың жазуы солай деп ойлайды, жасаған қателігіне терең мән бермей, «қателіксіз  адам болмайды» дегенмен жүреді. Өмірдің мәнін түсінгендей де боламыз. Алайда, сәл сүрінсек болды, өмірге қапа болып жатамыз. Кейде өмірдің ащы тұстарына шыдамай, өз-өзімізге қол саламыз.М деген азаматшамыз  несиеге алынған үйінің қарызын төлей алмаған. Банк қызметкерлері үйден қуып шыққан соң, борышкеріміз  өзін өртейді. Өзіне қол жұмсағанымен,әлдекімдер үйді қайтарып бермейтінін түсінбеген күйі кетті. Мүгедек  жандар  қиындықпен арпалысып, жақсы өмір сүрудің жолын іздеп, өмірден үмітін үзбей де жүр. Мүгедекпін деп ойламай,өмірден өз орнын табуға талпынады. Тепсе темір үзетін, қол-аяғы бүтін, ақылы бар кейбір азаматтарымыз қолымыздан ештеңе келмейді дегенді сылтау етеді. Арамызда  оңай жолмен олжа табуды ойлайтындар да бар.Ұрлық , адам өлтіру,алдап-арбау,құмар ойыны тәрізді келеңсіздіктер көбейіп кетті. Бүгінгі күні «Кедей-бай болсам, бай –Құдай болсам»деген түсінік салтанат құруда.Бірақ мұны түсініп жатқан адам бар ма? Әрине бар, саусақпен санарлық. Бірақ, осыны біле тұра, алдап-арбағымыз келеді.  Адал еңбегіңмен  тапқан табысың  ары тартсаң  да, бері тартсаң да жетпей жатады.Әйтеуір, күн көрістің қамын жасап жүрміз. Бұрынғы нақыл сөздер , мақал-мәтелдер қазіргі заманға сай айтылғандай. Солардың  мән-маңызын  түйсігімізге  түйіп жүрсек. Тіршілікте бір-біріміздің қадір-қасиетімізді түсінгенге не жетсін!

Венера ҚАБЫЛБЕКОВА.