Оңай жолмен олжа іздеп…
Күні кешеге дейін бір топ «пысық» немелер Оңтүстік Қазақстан облысы аумағынан өтетін «Құмкөл-Павлодар-Шымкент» мұнай ұңғымасын «сауын-сиырға» айналдырып келіпті.
Осы оспадарлықтың салдарынан «ҚазТрансОйл» компаниясы 17 млн. теңге залал шегіп отыр. Облысымызда мұнай ұрлаумен айналысатын қылмыстық топ мүшелерінен бөлек, ұрланған мұнайды сатып алатын алаяқтардың да бар болғаны анықталды. Ұрылар «қара алтынды» Созақ, Бәйдібек, Ордабасы, Сайрам аудандары мен Шымкент қаласы аумақтарына орналасқан ұңғымаларан жымқырып келген. «Жымымызды білдірмейміз» деген жүгермектердің үстінен енді қылмыстық іс қозғалып отыр. Айта кетелік, «екі жеп биге шықпақ» болғандардың саны 16. Бұлардың 11-і тұтқынға алынды. Олардың дені қауіпсіздікке кепіл болады деп сенім артқан «SEMSER Security» қызметкерлері. Осылайша қасқырға қой бақтырғанның күйін кешіппіз. Дегенмен «Мың асқанға бір тосқан»-деген осы-ау?!
Әзіз РАСҰЛ.