ПРЕЗИДЕНТ АҚОРДАДА СЕРБИЯ ПРЕЗИДЕНТІН ҚАРСЫ АЛДЫ

Ақордада Сербия президенті Александр Вучичті салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. 

Мемлекеттер басшылары бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң екі елдің әнұрандары шырқалды. Содан кейін Қазақстан мен Сербия президенттері келіссөз залына барды.