Ержігіт және оның ұжымы

412
0

8 (1)«Сайрам-Сүт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2003 жылы Сайрам ауданы, Қарасу ауылында құрылды. Құрылу мақсаты, табиғи сүт өнімдерін өндіріп,  халыққа отандық өнімдерді көптеп ұсыну, еліміздің экономикасының өсіп-өркендеуіне үлес қосу болатын. Көптеген еңбектің нәтижесінде алға қойған мақсаттар жүзеге аса білді. Қазіргі таңда «Сайрам-Сүт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі  сүт өнімдерінің 28 түрін өндіріп отыр. Сүт өнімдерінің сапалы өңделуі басты мақсат болғандықтан, бұл мақсатқа  арналған соңғы үлгідегі әр түрлі жабдықтар пайдаланылады. Қазіргі таңда  мекемеде 48 қызметкер жұмыс атқарады.

Негізгі шикізат – сүт болғандықтан, сүт жеткізуші арнайы шаруа қожалықтарымен келісімшарт жасасқан, сондай-ақ Сайрам, Түлкібас аудандарының тұрғындарынан да тұрақты сүт жеткізіледі. Өнім өндіру қуаттылығы тәулігіне 7 тонна. Дайын сүт өнімдерін негізгі тұтынушылар Шымкент, Түркістан, Сарыағаш, Тараз қалаларының, Сайрам, Арыс, Төлеби аудандарының тұрғындары болып табылады, сондай-ақ мемлекеттік мекемелермен, демалыс шипажайларымен, ауруханалармен, балабақшалармен, т.б. мекемелермен ұзақ мерзімге келісімшартқа отырған.
Келешекте Астана қаласы мен Алматы облыстарын сүт өнімдерімен қамтамасыз етуді мақсат етіп отырған. «Сайрам-Сүт» ЖШС бірнеше рет Сайрам ауданының, Облыс әкімінің мақтау қағаздарымен, дипломдарымен мараппатталды. Атап өтетін жетістіктері де жетерлік.
— 2007 жылы «Жылдың ең үздік кәсіпкері» дипломымен мараппатталды;
— 2008 жылы «Алтын сапа» номинациясы бойынша 3 -орынды иемденді;
— 2009 жылы «Жылдың алтын көшбасшысы» дипломымен мараппатталды.
«Сайрам-Сүт» ЖШС әкімшілігі жағдайы төмен отбасыларға, және қамқорлықты қажет ететін жандарға қолынан келген көмегін көрсетіп келеді. Жастарды спортқа баулау бағдарламасы бойынша Бәйдібек ауданында  және облысымызда отіп жатқан бірнеше жарыстарға демеушілік жасап келеді. Жыл сайын әдеттегідей  балаларды қорғау күніне әкімшіліктің ұйымдастыруымен өтетін іс-шараларға белсенді қатысуда. Сайрам ауданындағы ВИЧ инфекциясын жұқтырған бір баланы қамқорлыққа алып, кәмелеттік жасқа келгенге дейін ай сайын көмек көрсетіп отырады. Жағдайы төмен отбасыдан шыққан Сайрам ауданының 10 оқушысына жыл сайын мектепке қажетті құралдарымен, киім-кешекпен қамтамассыз етіп отырған да жайы бар.
«Сайрам-Сүт» ЖШС Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары С.Тұяқбаев мырзаның қолдауымен «Даму» корпорациясынан субсидияландыру арқылы «Сбербанк» АҚ-нан субсидия алды. Алдағы уақытта жаңа сүт өндіретін зауытты іске қосып, тәулігіне 20 тонна сүт өндіріп, сапалы сүт өнімдерінің түрлерін  көбейтуді жоспарлап отыр.

Мекеменің басшысы, жас та болса бас бола білген Шәріпбеков Ержігіт жоғары білімді, көргені мен түйгені мол азамат. Ең алғаш осы серіктестікте есепші болып бастаған еңбегі оны талай биіктерге көтерді, тәжірибе жинақтауына септігін тигізді. 2006 жылдан бері «Сайрат-Сүттің» директоры. Ержігіт Шәріпбекұлы «Нұр Отан» ХДП-ның мүшесі, «Бірлік» кәсіподағының мүшесі, экономист-заңгер. Өткен жылы ғана орда бұзар 30 жасқа толған оның алар асуы әлі алда деп есептейміз. «Сайрам-Сүттің» аты да, абыройы да шарықтар күндер де алыс емес.

Ағабек ДАТҚАЕВ.