ТӨЛЕШОВТЫҢ УӘДЕСІ – ЕНДІ ТҮРМЕДЕ ОРЫНДАЛМАҚ

268
0

Шымкенттегі сыра зауытының басшысы, кәсіпкер Тоқтар Төлешовтың ісі Астана қаласындағы әскери сотта өз нүктесін қойды. Судья Е.Ахметжанов Төлешовке 21 жылға бас бостандығынан айырып, оны қатаң режимдегі түрмеде өтеу, бар марапаты мен шенінен айыру жөнінде үкім шығарды.

Сол секілді Төлешовтың сыбайластары ҚР Бас прокурорының экс-орынбасары І.Бақтыбаев 7 жылға, ОҚО ІІД-нің бұрынғы басшысы Х.Досқалиев 5 жылға бас бостандықтарынан айырылу жазасына кесілді. Билікті басып алу жөніндегі Төлешовтың жоспарына қолдау білдірген бұл екі азаматқа кезінде Жоғарғы соттың төрағасы мен Ішкі істер министрі лауазымдарын беру жөнінде уәде етілген екен. Енді ол уәде түрмеде орындалатындығы өкінішті. Тағы да екі әскери бөлімнің басшылары сыйақы алып, әскери техниканы спорттық шараға бергені үшін тиісті жазаға кесілді. Ал осы күнге дейін уақытша ұстау абақтысында болған Төлеген Төлешов шартты жаза алып, сот залынан босатылды.