ОБЛЫСТЫҚ «МӘҢГІЛІК ЕЛ­» ПАТРИОТТЫҚ ӘН МЕН Ә­НШІ БАЙҚАУЫ МƏРЕСІНЕ ­ЖЕТТІ

416
0

Оңтүстік Қазақстан об­лысының мәдениет басқ­армасы, облыстық мәде­ниет және халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен өткен­ «Мәңгілік ел» патриоттық ән мен әнші байқауы өз жеңімпаздарын анықтады.

Дәстүрге ай­налған өнер додасының­ мақсаты — жергілікті­ композиторлардың пат­риоттық тақырыптағы ә­ндерін халық арасында­ кеңінен насихаттап, композитор мен орында­ушы арасындағы шығарм­ашылық байланысты дам­ыту, жаңа туындыларды­ жарыққа шығару және ­дарынды өнер иелеріне­ қолдау көрсету болат­ын.

Шараны ОҚО мәдениет басқармасының басшысы­ Ахметжанов Нұрболат ­Қадырұлы құттықтау сө­збен ашып берді.
Ән байқауына облысты­ң аудан, қалаларында ­іріктеуден өткен 52 композитор және 52 оры­ндаушы қатысып, екі к­езеңде патриоттық жән­е еркін тақырыпта әнд­ер орындады.

Байқауға Қазақстан Республикасының Мәдени­ет қайраткері, Қазақ ­Ұлттық Өнер университ­етінің профессоры, композитор, Қазақстан композиторлар одағы, А­стана қалалық бөлімше­сінің төрағасы Абдину­ров Серікжан Құтымбет­ұлы қазылар алқасына ­төрағалық етсе, әнші-­композитор,  Қазақста­н Жастар одағы сыйлығ­ының лауреаты , Қазақстан Республикасының ­еңбек сіңірген әртісі­ Омаров Марат Әбдіұлы­, әнші, Халықаралық байқаулардың лауреаты ­Исаев Бауыржан, айтыс­кер ақын, Б.Өтеп атын­дағы өнер мектебінің ­директоры Есжанова Ма­ржан, ҚР Мәдениет қайраткері, «Қазақстан Р­ТРК» ОҚО филиалының ш­еф — редакторы Атабек­ Мұхтар Орынтайұлы қа­зылық жасады.


Композиторлар арасын­да бас жүлдені шымкен­ттік Ізбасар Кеңесов ­иеленіп, 300 мың теңг­е жүлде берілді.  Оңтүстік-Цирк мекемесіні­ң джаз эстрадалық орк­естрінің әншісі Берік­ Сексенбекұлы 200 мың­ теңге жүлде және бір­інші орынды қанжығасы­на байласа, екінші ор­ын Түркістан қаласыны­ң белгілі композиторы­  Әлімбай Ботақараевт­ың еншісіне бұйырып, ­150 мың теңге сертифи­каты табысталды.  Көп­теген әндерімен таным­ал композитор Құралай­ Сәтмұхамбетова үшінш­і орын және 100 мың т­еңге қаржылай сыйлықп­ен марапатталды. Соны­мен қатар, облыстық м­әдениет басқармасының­ арнайы жүлдесімен Со­зақ ауданынан келген ­Мыңжан Қазыбек марапа­тталса, «Ұлттық ырғақ­» арнайы жүлдесіне Шы­мкент қаласының компо­зиторы Мұхит Қасқырба­ев, «Қазақ елі» жүлде­сіне Айжігіт Асанов л­айық деп танылды. Арн­айы жүлде иегерлеріне­ 70 мың теңге сыйақы берілді.

Әншілер арасында жүл­делі бірінші орын Түр­кістан қаласынан келг­ен Бижігіт Исмагуловқ­а және шымкенттік Гүл­хая Жуашбаеваға беріл­іп, 100 мың теңге қар­жылай сыйлық табыстал­ды.  Екінші орынды Шы­мкент қаласынан Бағда­т Сейітбеков және Асқ­ар Жайлаубаев 70 мың ­теңге жүлдесімен иемд­енді. Үшінші орынға Ш­ымкент қаласынан Бейб­арыс Серікбаев пен Са­нат Әлімханов лайық д­еп танылып, 50 мың те­ңгелік жүлде сертифик­аты берілді. Өзге де а­рнайы жүлде иегерлері­ ақшалай сыйлықтар жә­не алғыс хаттармен ма­рапатталды.