ОҚО-ДА ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 100 МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ТАБИҒИ ГАЗҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗЕДІ

410
0

 

Биыл Оңтүстік Қазақстанда жыл соңына дейін 100 мыңға жуық жергілікті тұрғын табиғи газға қол жеткізетін болады. Ол үшін облыстық бюджеттен 14,1 млрд. теңге қаржы қаралып, оған 86 нысан құрылысы мен 89 жобалық сметалық құжаттама әзірленбек.

Ал, 2017 жылдың қорытындысымен өңірдегі 57 елді мекен немесе 99,5 мың адам табиғи газбен қамтылып, облыстағы газдандырылған ауыл, аймақтар саны 357-ге (42,3 %), яғни, 1 854 807 тұрғынға (65,3 %) жететін болады.

Мұнан бөлек, осы жылы «Газли-Шымкент» магистралды газ құбыры бойынан Қазығұрт ауданына «Шанақ» автоматтандырылған газ тарату станциясы (әрі қарай АГТС) және Шардара ауданына №18 «Шардара» АГТС құрылыстары жүргізілуде. Нысандарды 2018 жылдың аяғында пайдалануға беру жоспарланған. Бұл өз кезегінде аталған аудандарды толығымен газдандыруға жол ашады.

Айта кетейік, облыс табиғи газбен Өзбекстан Республикасынан келетін «Газли-Шымкент» және отандық «Бейнеу-Бозай-Шымкент» магистралды газ құбырларынан қамтамасыз етіледі. Табиғи газға жылдық қажеттілік орташа 1 млрд.м3 құрайды.

Соңғы 8 жылда табиғи газбен қамтылмаған 203 елді мекен қосымша газдандырылып, жалпы облыстағы 844 елді мекеннің 300 (35,5 % ) елді мекені немесе 1 755 307 тұрғыны (61,8 %) табиғи газбен қамтамасыз етілген.

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасымен облыстың елді мекендерін 2017-2020 ж.ж. аралығында газдандырудың кешенді іс-шара жоспары әзірленді. Жоспарға сәйкес, 2021 жылға қосымша 383 елді мекендерді (960 195 халық) газдандыру жоспарланған. Нәтижесінде 2020 жылдың қорытындысымен газдандырылған елді мекендер санын 683 елді мекенге (80,9 % е.м.) немесе 2 715 501 (95,6 %) халыққа жеткізу көзделіп отыр. Жалпы осы бағытқа 2016 жылы республикалық және облыстық бюжеттен 13,7 млрд.тенге (РБ-420,0 млн.тң, ОБ-13,3 млрд.тң) бөлініп, 25 елдімекен газдандырылған.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі