ЖЕТІСАЙДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР

37
0
Жетісай ауданы аумағында «Таза Қазақстан» экологиялық жобасы аясындағы тазалықты жанына серік еткен аудан тұрғындарының санитарлық тазалықты сақтау, өздері өмір сүріп отырған аймақтарды көркейту-көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Тазалық шарасына барлық мекеме қызметкерлері мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, жергілікті мәслихат депутаттары мен кәсіпкерлер, тұрғындар бір кісідей атсалысуда. Әрбір ұжым бөлінген аумақтарды, көшелерді, саябақтар мен скверлерді, қала, кент, елді мекендердің кіреберіс аймақтары мен әлеуметтік нысандардың айналасын қоқыс қалдықтарынан тазартып, ортақ мекеннің көркеюіне өз үлестерін қосуда.
Халқымыздың «Балаға тәрбие беруден бұрын өзіңді тәрбиеле. Өйткені, перзент саған қарап өседі, бой түзейді» деген дана сөзін ескерер болсақ, әрбір ата-ана ұл-қыздарының өздеріне қарап тәрбие алатынын естен шығармағаны жөн. Кез-келген адам тазалықты өз бойынан көрініс табатындай етсе, өзін және ортасын таза ұстай білсе, өзге адамдарға да сол тазалығын үлгі ете алатыны сөзсіз.