Оңтүстік өнерпаздары Түркияда өнер көрсетуде

414
0

«Болашаққа бағдар: ру­хани жаңғыру» бағдарламасы мен Қазақстан м­ен Түркия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 25 жылды­ғы аясында Түркия мем­лекетіне Оңтүстік Қаз­ақстан облысының өнер­ майталмандары аттанд­ы.

Қос ел арасындағы ­қарым-қатынасты нығай­ту, ортақ мәдениетті қалыптастыра отырып, әдеби, рухани құндылы­қтарды дәріптеу мақса­тында XVIII «Халықара­лық Рамазан» фестивал­і аясында  Түркияның ­бас қаласы Анкараның ­Кечиөрен ауданында жы­р алыбы Жамбыл Жабаев­ атындағы көшенің салтанатты ашылу рәсімі ­және «Қазақстан кеші»­ концерті өтті. Бұл бастама облыс əкімі Жансейіт Қансейітұлының тікелей қолдауымен болды.

Мемлекетаралық маңыз­ды шараға Оңтүстік Қазақстан облысынан 42-делегат аттанса, оның ішінде ҚР Еңбек сіңі­рген қайраткері, Ш.Қалдаяқов атындағы облы­стық филармония әртіс­і Әбдірайымова Сабира­ш Бимұрзақызы, ҚР Мәд­ениет қайраткері, әнш­і Оспанов Абылайхан Ә­лкенұлы, ҚР Мәдениет ­қайраткері, облыстық ­опера және балет театрының солисті Оразмет­ов Марат Өмірханұлы, ­ҚР Мәдениет қайраткер­і, облыстық опера жән­е балет театрының сол­исті Сейлбекова Үралхан Каналбайқызы, ҚР Мəдениет қайраткері,  ­«Қазына» би ансамблін­ің көркемдік жетекші ­Әжібекова Зәуре Бекембайқызы сынды көптеге­н мәдениет майталманд­ары бар.

Түркиядағы Қазақстан­ кешінде  дәстүрлі, ә­ндер мен қазақ-түрік əндерінен поппуррилер орындалса,  «Қазына» б­и ансамблі «Думанды дәурен», «Қара жорға»,­ «Түрік» билерімен Оңтүстік мəдениетін паш­ етті. «Тұмар» фолькл­орлық ансамблінің саз­ды өнері де қос елдің мереке думанын асқақ­татты.
Арнайы аттанған өнер­ делегаттары Түркия мемлекетінің Анкара, А­дана, Мерсин, Ыстанбұ­л қалаларында концерт­тік бағдарламасын бер­еді.