ОҚО-ДА 500-ДЕН АСТАМ БАЛА ҰБТ–ДАН 100 БАЛДАН ЖОҒАРЫ ЖИНАДЫ

333
0

20 маусым күні Оңтүстік Қазақстан облысында Ұлттық бірыңғай тестілеуден 4266 бітіруші тест тапсырып, облыстың орташа көрсеткіші – 72,3 балды көрсетті. Жалпы кеше 514 бала 100 балдан жоғары жинаса, ең жоғары 137 балды Шымкент қаласы, «Болашақ» мектебінің оқушысы Исатай Біржан жинады. Ал, 136 балды Шымкент қаласы №47 мектеп-гимназиясының оқушысы Жолдасбекова Айгерім Дастанбекқызы жинап отыр.

Бірінші  күнгі сынақтың қорытындысымен облыстың орта балы – 72,3 балды құрады. Атап айтқанда: Шымкент және Сайрам — 75,5, Қазығұрт — 74,3, Түлкібас — 72,7, Созақ — 70,6, Сарыағаш -70,4, Бәйдібек — 70,2, Мақтарал — 67,03 балды көрсетті.

Тестілеу кезінде ҰБТ қағидаты талаптарының бұзылуы орын алған жоқ.

Айта кетейік, облыс бойынша 2016-2017 оқу жылында 11 сыныпты 32964 оқушы аяқтаса, оның 21668-і жоғары оқу орнына түсу үшін сынақ тапсыруға ниет білдірген. Яғни,78,2 пайызы ҰБТ тапсыруға өтініш берген.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі