ШЫМКЕНТ: МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАРДЫҢ СҰРАҚТАРЫНА МИНИСТРДІҢ ӨЗІ ЖАУАП БЕРДІ

79
0

Шымкентке жұмыс сапарымен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова келді, деп хабарлайды Uakit.kz.

Тамара Босымбекқызы алдмен қалалық «Ten Qogam» әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барып, онда мүмкіндігі шектеулі жандарға  жасалған жағдай өз көзімен көріп,  атқарылған жұмыстармен танысты. Танысу барысында ҮЕҰ өкілдерімен және мүгедектігі бар адамдармен кездесу өткізіп, бүгінде оларды қызықтырған барлық сұрақтарға жауап берді.

Министрмен кездескен жандар жұртшылық өкілдері мен ерекше қажеттіліктері бар адамдар жеке көмекшілер көрсететін қызметтердің тарифтеріне байланысты, мүгедектік топтарын белгілеуге, жеке оңалту бағдарламаларын орындауға, техникалық құралдар мен оңалту қызметтерін көрсетуге, сондай-ақ инватакси қызметтеріне қатысты сұрақтар қойды. Бұдан басқа, мүгедектігі бар адамдарды тұрғын үймен қамтамасыз ету және еңбек инспекцияларын жергілікті атқарушы органдардан ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне беру мәселелері көтерілді. Тамара Дүйсенова барлық қойылған сұрақтарға егжей-тегжейлі жауап берді.

«Мүгедек болатын азаматтарды да бір органнан екінші органға жүргізбестен, цифрлық технологиялық қолдану арқылы бір қағидатты тереземен емханаға барып, сол жерден қажетті ақпараттың барлығын сол емханадан алып отыратын болады. Басқа бір де бір органға бара алмайды. Бұрынғыдай әр мемлекеттік органға жүгінбестен, егер де әлеуметтік статусы тура келіп жатқан болса, мәселен, мүмкіндігі шектеулі азамат болатын болса немесе 1 жасқа дейінгі баласы бар отбасы болса немесе зейнеткер болса оның телефонына келеді хабарлама», дейді  ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова.

Айта кету керек, Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сейкес әлеуметтің әлеуетін арттыруға байланысты ерекше күтімді қажет ететін адамдарға қолайлы жағдай жасау үшін Шымкентте бірқатар толымды жобалар қолға алынып, жүзеге асырылып отыр.

Қосымша ақпарат бере кетейік, осы жылдың 9 айында қазақстандықтарға мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы түрінде 327 млрд теңгеден астам қаражат төленді. 2022 жылғы қыркүйек айында республикалық бюджеттен мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 28,8 млрд теңге, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша — 7,2 млрд теңге бөлінді. 2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың саны 534,6 мың, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша – 156 мың адамға жетті.