Рухани жылжымалы көрме

228
0

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының Бейнелеу өнері музейі кезекті жылжымалы кешенді көрмесін ұйымдастырды.
Көрменің мақсаты мен мазмұны: Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында құнды жәдігерлерден жасақталған көрме арқылы Оңтүстіктің тарихи шежіресі мен қолөнершілер, фотосуретшілердің өнер шығармаларын, әдеби шығармаларды насихаттау.
Кешенді көрменің экспозициясын музей директоры, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Оспанов Айнабек Мыңжасарұлы зиялы қауым өкілдері мен облыс әкіміне таныстырды. Экскурсия барысын музей қызметкерлері жалғастырып, қадірлі қонақтарға таныстырылды.
Кешенді көрмеде облыстан қасиетті, киелі жерлердің тізіміне енгізілген тарихи-мәдени нысандардың, мәдени іс-шаралардың, түсірілген көркем, анимациялық, деректі фильмдердің көрмесі, қолөнер шеберлерінің жасаған бұйымдары, облыстың көркем жерлері бейнеленген фотосуреттер, сондай-ақ, ақын-жазушылардың кітап көрмесі, ұлттық киімдердің көрмесі, Қазақстандағы 100 жаңа есім жобасына енген азаматтар туралы көрме қойылды. Көрме 6 бөлікті құрады:
Көрменің тақырыптық – экспозициялық жұмыс жоспары:
1. «Ұлттық киімдер» көрмесі — Ұлттық сәндік киімдер мен облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорындағы ұлттық киімдер мен Бейсбековтер отбасының үздік киім үлгілері қойылды.
2. «Оңтүстік ғажайыптары» — Өңірдің әсем табиғат көріністері мен тұрмыс-тіршілігін, көрікті жерлерін суреттейтін фотосуреттер, сондай-ақ, TURKSOY-ға мүше фотосуретшілер мен облысымызға белгілі фотосуретшілердің Қазығұрт, Түркістан, Кентау, Отырар, Қаратау, Сарыағаш, Жетісай, Созақ, Бәйдібек, Түлкібас, Төлеби, Сайрам аудандары мен қалаларында түсірген фотосуреттері қойылды.
3. «Оңтүстіктің киелі орындары» — Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында жасалған «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша қасиетті, киелі жерлердің тізіміне оңтүстіктен енгізілген тарихи-мәдени нысандардың фотосуреттері қойылды. Яғни, кешенді карта, республикалық тізімге енгізілген және жергілікті тізімге енгізілген қасиетті, киелі жерлер.
4. «Оңтүстіктің ақын-жазушыларының кітап көрмесі» -Оңтүстіктен шыққан елімізге белгілі ақын-жазушылардың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында шыққан кітаптары мен облыстың табиғаты, өлке тарихына арналған кітаптар қойылды.
5. «Мәдени іс-шаралар көрмесі» — «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілген мәдени-көпшілік іс-шаралардың фотокөрмесі қойылды.
6. «Оңтүстікте түсірілген фильмдердің көрмесі» — «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыста түсірілген көркем, анимациялық, деректі фильмдердің көрмесі қойылды.

%d1%80%d1%83%d1%85%d0%b0%d0%bd%d0%b8-%d0%b6%d0%b0%d0%bd%d0%b3%d1%8b%d1%80%d1%83-%d0%ba%d0%be%d0%bf%d0%b8%d1%80%d0%be%d0%b2%d0%b0%d1%82%d1%8c

05