ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫ КҮНІНЕ ОРАЙ «СІЗ ЗАҢДЫ БІЛЕСІЗ БЕ?» АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ БОЛЫП ӨТТІ

218
0

Арыс қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Нұр Отан» партиясы Арыс қалалық филиалының ұйытқы болуымен өткен іс-шараның мақсаты азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, еліміздің заңнамаларына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды таныстыру. Дөңгелек үстелді ашқан партияның қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары И.Қалиев-күн тәртібіндегі мәселенің мақсаты мен міндетін айқындады. Сонымен қатар Арыс қалалық Жұмыспен қамту орталығының сектор меңгерушісі Ә.Төлегенов, Арыс қалалық Ішкі істер бөлімі заң тобының жетекші маманы Н.Әжібекова, Арыс қалалық «Білім бөлімі» ММ-нің әдіскері Б.Тасқынбаев, жер кадастр бөлімінің маманы А.Дәулетова қатысып, Арыс қаласы тұрғындарының сұрақтарына тұщымды жауап берді. Кездесуді қорытындылаған филиал төрағасының бірінші орынбасары И.Қалиев – дөңгелек үстелге қатысып отыруларыңыздың өзі, Сіздердің Тәуелсіз Қазақстанның тағдырына бей-жай қарамайтындықтарыңыздың айғағы деп ризашылығын білдіріп, Тәуелсіздігіміз тұғырлы, Елдігіміз мәңгілік, Ата заңымыз ғұмырлы болсын, Қазақстанның көк туын жоғары ұстауда әрқайсыңыздың абыройларыңыз үстем болсын. Сіздердің келешекте өз білімдеріңізді шыңдай, рухани жан дүниеңізді байыта отырып, өз құқықтарыңызды жете меңгеріп, еліміздің жақсы азаматы болуларыңызға сенім арта отырып, бәріңізді, әсіресе партия мүшелерін Еліміздің бағыт-бағдарламаларын, заңның үстемдік құруын халық арасында кеңінен насихаттап, оның өмірде жүзеге асуына бұқара халықты жұмылдыруға бар күш –жігерін салуға шақырамын деді.

81