ЕСКІ ДЕ ЖАҢА ТҮРКІСТАН ЖАСАРА ТҮСЕДІ

181
0

Елбасы алтыншы шақырылымдағы Қазақстан Парламентінің төртінші сессиясының ашылуында: «Облыс орталығының Түркістанға көшірілуі әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан ғана емес, рухани жағынан да аса маңызды. Ол – еліміздегі ең киелі жерлердің бірі. Тарлан тарихымызда талай тағдырлы шешімдер осында қабылданған. Есімдері ел тарихына мәңгі жазылған біртуар тұлғаларымыз осында жай тапқан» деген еді.
Расында, Қазақстанда киелі орындар көп. Алайда, Түркістанның атауы ғасырлар бойы жалғасып, күні бүгінге дейін жетті. Тарих сахнасында өмір сүрген талай қала, қаншама мекендер жер бетінен уақыт өте келе өшіп, жоғалды. Ал, киелі де қасиет қонған жер – ежелгі Тұран қазақ халқының мәңгілік тұрағына айналды. Мемлекет басшысының Жарлығымен өзгерген оңтүстік өңірі енді Түркістан облысы болып қайта жасақталды, жаңарды. Ескі де жаңа атауға ие болған бұл мекеннің болашағы адам танымастай қарқынмен дамитынына сенімдімін. Қазақта «Елу жылда ел жаңа» деген тамаша мақал бар. Елу жыл демей-ақ, алдағы бес жыл ішінде Түркістан өңірінің экономикасы қарыштап, халқы миллионға жеткен Шымкент қаласының тынысы жанданады. Облыс орталығының жұмысын тиімді ұйымдастыру облыс, қала басшылары мен мемлекеттік қызметшілерге тікелей байланысты болмақ. Бүгінгі жастардың оқу-білімге деген қызығушылығын, жаһандану заманына бейімділігін көріп жүрегімде қуаныш сезімі атойлайды. Біз, қазақ жастары еліміздің ертеңін Елбасымен бірге көтереміз.
Береке Дуйсебеков Түркістан облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы.

85