ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ 22 МЫҢ БАЛА БІРІНШІ СЫНЫПҚА БАРАДЫ.

204
0

Шымкент қаласындағы 133 білім беретін орта мектепте алғашқы қоңырау үні сыңғырлады. Ал қала әкімі Ғабидолла Әбдірахимов «Бозарық» шағын ауданы жаңадан пайдалануға берілген №57 жалпы орта мектебінің «Алғашқы қоңырау» салтанатты шарасына қатысты.
Шаһар басшысы барша барша ұстаздар мен шәкірттерді Білім күнімен және жаңа мектептің ашылуымен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.
Заман талабына сай жабдықталып, балалардың толыққанды білім алуына, салауатты өмір салтын қалыптастыруына жағдай жасайтын 900 орындық типтік оқу орны 3 қабаттан тұрады.
Екі ауысымда жұмыс жүргізетін мектепте 40 оқу бөлмелері қарастырылған. Бұдан басқа жаңа үлгідегі 2 мультимедиялы-лингофонды кабинет, 4 информатика кабинеттері (13 орынды) 71 дана компьютер және 2 интерактивті тақтамен жабдықталған.
Айта кетейік, биылға жаңа оқу жылында Шымкент қаласындағы 133 мектеп 178 297 оқушыны қабылдаса, оның ішінде 22 мың бала бірінші сыныпқа барады.

84