АЗАТТЫҒЫМЫЗДЫҢ АЙҚЫН АЙҒАҒЫ КОНСТИТУЦИЯ КҮНІ КЕҢ КӨЛЕМДЕ АТАЛЫП ӨТТІ

225
0

Қазақстан Республикасының Конституциясы – болашақ табыстар мен алға қойылған мақсаттарды шешудің алтын діңгегі болып саналады. Сондықтан, Заң бойынша өмір сүру және Заңды құрметтеу – әр азаматтың борышы деп түсінуіміз қажет. Осыған орай, Бүгін Төлеби ауданында Қазақстан Республикасы Конституциясының 23 жылдығына арналған мерекелік салтанатты іс — шара өтті.Оған аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Қойбағаров, аудан әкімі Бауыржан Омарбеков, аудан прокуроры Дәулет Тілемісов, ардагерлер мен қала тұрғындары қатысты.
— 1995 жылы Конституцияны бірауыздан қолдап, Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың сарабдал саясаты мен ерік-жігерінің арқасында бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп келе жатырмыз. Сонымен қатар, біз өзіміз бен келешек ұрпағымыздың жарқын болашағын құрдық.
Салтанатты шарада өңірдің өсіп-өркендеуіне үлес қосқан ел тұрғындары «Алғыс хатпен» марапатталды. Мерекелік шара өнерпаздардың концерттік бағдарламасына ұласты.

100