ЖАСТАРДЫҢ ЖОЛЫ ЖАРҚЫН

241
0

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында адамдағы сананы жаңғыртудың 6 бағытына жан-жақты ғылыми, өмірден де нақты мысалдар келтіре оты-рып ашық ұсынысын ортаға салған. Біз бұған дейін де елдің артында, көштің соңында қалмаған елміз. Бағыты – айқын, рухы – асқақ Ұлы халықтың өкіліміз. Бұл бағдарлама – әдеттегідей ресми тапсырмалар мен міндеттер тізбегі емес, көреген-дікпен екшелген тарихи құжат.
Санамызға серпіліс пен сергектік әкелген бағдарламалық мақаланың бізге жүктейтін жүгі де – ауыр. Қазақы ұғымдағы қасиетті қара қазанды көтеріп тұратын ошақтың үш тірегі бар. Елбасының биылғы Жолдауында екі жаңғыру бағытын сезінгенбіз. Біріншісі – саяси реформалар, екіншісі – экономикалық жаңғыру. Міне, ошақтың үшінші тірегіндей болып рухани жаңғыру қосылып отыр.
Елбасы Отанды сүю мен тарихыңды тану, тегіңді білу мен рушылдықтың аражігін ажыратып берді.
Әлемдегі ұлт пен ұлыстар мемлекеттіліктің қандай формасын құрып өмір сүрсе де, ұлттық сана мәселесі ешқашан өзектілігін жоғалтқан емес. Елбасы жаңа ғасыр-дағы ұлттық сана туралы сараптай келе, рухани жаңғырудың ең басты қуат көзі – ұлттық код деп білді. Бұл рухани қазынамызды жоғалтпаған жағдайда біз Мәңгілік елге айналамыз. Демек, рухани код – Мәңгілік ел идеясының темірқазығы.
Бұл бағыттағы жұмыста елдің бірлігі, туысқандық татулық, «Бәріміз біріміз үшін, біріміз барлығымыз үшін» деген асыл қағиданы естен шығармауымыз керек. Қоғамға жат сепаратистік жетектеуге ілеспей, әлемдегі әрбір оқиғаны ой елегінен өткізіп, саналы түрде пайымдауды қажет етеді.
Ғаламторды шарлап жатқан әртүрлі қоғамдық пікірле33р, ондағы озық ойларды ғана байыпты қабылдау мәселесін өскелең ұрпаққа жеткізу – бабаларымыздың зерделі ойлары-мен түйіндестіріле ұштасуы керек. Ұлттық сананы жаңғыртудың осынау бағдарламасын жастарымызға сіңіру үшін әрбір психолог ғалымдар, өмірден көргені мен түйгені көп ардагерлер, ұстаздар жұмыс барысында, әрбір кездесулерде, отбасында заман ағымына қарай насихат жұмысын жүргізгені абзал.
Райхан ЖАНҒАЗЫ,
аудандық «Жастар ресурстық орталығының» әдістемеші маманы.