«ДЕНСАУЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ-2018»

178
0

Ауданымыздың 90 жылдық мерекесіне орай орталық стадионда «Саламатты рух» ұранымен «Денсаулық фестивалі-2018» атты мерекелік жиын өтті. Жиында аудан әкімінің орынбасары Темір Айкен Мәкенұлы мерекелік шараға қатысушыларды құттықтады.
Мерекеде жаяу жүргіншілердің «Жүру зиян емес, жүрмеу зиян» және «Флешмоб биіне» жалғасып, жүгіруден ерлер, әйелдер мен оқушылар арасында сайыстар өтті. Мемлекеттік мекеме қызметшілері мен ауданымыздың мектеп оқушылары жарыста жақсы нәтижелер көрсетті. Мерекелік іс-шара спорт кешенінде жалғасын тауып, мемлекеттік қызметкерлер арасында «Әкем, анам және мен» атты отбасылық сайыс болды.
Бұл отбасылық сайысқа барлығы жеті отбасы қатысты. Атап айтқанда аудандық «Шапағат» бөбекжай балабақшасы, №1 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, Күлтөбе негізгі орта мектебі, Шаян-лицей мектебі, С.Әбдіжаппаров жалпы орта мектеп-интернаты, М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебі, Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінен сайысқа түсті.
Жеңіс ЕРҒАЗЫ.

22