ӘЛЕУМЕТТIК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОБЪЕКТІЛЕРІН ҰСТАУ КЕЗІНДЕ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТӘРТIБI

Әлеуметтік қызмет көрсету объектілерінің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде қағаздарға және басқа да жанғыш қалдықтарға арналған себеттер мен жәшiктер үнемi тазартылады. Әлеуметтiк қызмет көрсету ұйымдарында жану кезінде уыттылығы жоғары өнiмдер шығаруы мүмкiн полимерлi материалдар қолданылып жасалған жиһаз бен жабдықты пайдалануға болмайды.

Сонымен қатар тамақты тек осы мақсаттарға арнайы бөлiнген және жабдықталған жерлерде ғана дайындауға (ысытуға) болады. Бұл ретте тұрмыстық қажеттiлiкке арналған электр жылытқыш аспаптарын автоматты өшiру құралдарынсыз қолдануға болмайды.

Жатын, ойнайтын бөлмелерде және қызмет көрсетiлетiн үй-жайларда үтiктердi, электр плиталарын және басқа да электрмен жылытқыш құралдарды пайдалануға болмайды.

Киiмдердi үтiктеу тек осы мақсатқа бөлiнген арнайы жабдықталған үй-жайларда ғана жүргiзiледi. Үтiктеудi ақаусыз термо реттегiштері мен қосылатын жарық индикаторлары бар үтiктермен жүргізеді.

Жатқан мүгедектігі бар адамдар мен қарттар үй-жайларда оларды неғұрлым жылдам эвакуациялау есепке алынып, орналастырады.

Оңай тұтанатын және жанғыш материалдары бар қоймаларды тікелей тұрғын бөлмелердің және палаталардың астына, сондай-ақ олардың жанына орналастыруға болмайды.