ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ
Аудандық қоғамдық кеңестің жақында өткен кезекті отырысында бірнеше меке-ме басшыларының есептері тыңдалды.
Аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Ғ.Мейманбаев «Бәйдібек аудандық мәслихатының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы №23/128 «2018-2020 жылдарға арналған аудан бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу»; аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы А.Атем «Жаппай спортты дамыту және саламатты өмір салтын қалыптастыру жөнінде бөлімнің атқарған жұмыстары»; аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Г.Шардарбекова «Денсаулық сақтау саласы бойынша аудандағы атқарылып жатқан істер; аудан әкімі аппаратының басшысы Б.Тұрлыбеков «Кеңес мүшелері тарапынан айтылған сын-ескертпелер мен ұсыныс пікірлердің орындалу барысы туралы» баяндады.
Қоғамдық кеңес мүшелері О.Мыңғышев, Қ.Есенбекова, С.Тұржан, Б.Қалаубай, Ә.Бақтайбеков,тағы басқалар ұсыныс-пікірлерін білдірді. Кеңес отырысының жұмысын төраға С.Спабеков қорытындылады.
МОДЕРАТОР-ЛЕКТОРЛАРМЕН КЕЗДЕСУ
Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласын насихаттау бойынша ауданымызға облыстан модератор-лекторлардың бір тобы келіп, жұртшылықпен кездесу өткізді.
Кездесуде «Жалын» жастар ұйымы бірлестігінің жоба үйлестірушісі, модератор Сәбира Байзақова сөйлеп, іс-сапардың мақсаты туралы хабарлама жасады. Бұдан соң «Ғаламат» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі, лектор Дана Маманова, «Қызмет» республикалық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы, лектор Бейсенкүл Нарымбетова тақырыптық баяндама жасады.
Кездесуге қатысушылар мен лекторлар арасындағы /сұрақ-жауап түрінде/ пікір алысуға Шаян ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермахан Тойжанов, аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Бақберген Төлешов, «Зейнеткер тынысы» газетінің бас редакторы Серікбай Тұржан, ауданның төбе биі Сағымбай Жұманов, аудандық мәслихат депутаты Бағдат Қалаубай қатысты.
«АЛҒАБАС»-ақпарат.