ҚАЗАҚ ЕЛІ НҰРЛЫ ЖОЛДА

245
0

Орынбасар Шойынбайұлы – Боралдай ауылдық округінің азаматы. «Қазақ елі – нұрлы жолда» Орынбасар ағаның төртінші кітабы.
Қаламы қолында, жазудан жаңылмайтын, шаршамайтын ақын ағамыз бұл еңбегін Тәуелсіз еліміздің елін, жерін сүйетін жастарына арнап отыр.
Кітапқа философия ғылымдарының докторы, профессор Жақан Молдабеков пікірін жазып, өз сөзін былай деп түйіндепті: «Қазақ елінде мәңгілік өшпес өнер өлең – өлмейтін мұра деп қалдырсаңыздар!».
«Кітап – көп ақылдың құйылған көлі!
Кітап ортақ мүлік халық қазынасы,
Сарқылмас білім бұлағы» депті Өтебай Тұрманжанов.
Ақын Орынбасар Шойынбайұлы да бар білерін осы кітапқа құйған секілді.
Ендігі ретте, кітап сөзі көпке таралғанда ғана көптің бойына сіңіп, игілігіне жұмсалғанда ғана мүддесіне жетеді. Сол мүддесіне жетсе дейміз.
Абзал ӘЛІШЕРҰЛЫ.
ЖАСАЙ БЕР, АСТАНА
Мен келдім 75-ке атым арып,
Жастарды шетке шыққан жолға салып.
Өзім де көп адастым – бодауында,
Басқа елдің шеңгелінде, жылап алып.
Еңсемді қан-қан болған көтерейін,
Қып-қызыл жалауымды лақтырып.
Гүл тектес күн байрақты көргенімде,
Көтердім тау шыңына, қыран болып.
Өзім де қарап тұрдым қандастарға,
Аңсаған тәуелсізден қуат алып.
Бақытты ұландар мен аналарға
Алдына басымды идім құлап барып.55
Таң атты 25 жыл, шықты күнім,
Заманым егемендік — еріктісің.
Біз енді мәңгілікке тәуелсізбіз.
Бақыт пен байлық келді — Отаныңа,
Жасай бер, Қазақ елі, жаңа – Астана!
Орынбасар ШОЙЫНБАЙҰЛЫ.