ГРЕК-РИМ КҮРЕСІНЕН ОБЛЫСТА ТОП ЖАРДЫ

209
0

Шардара топырағында тұңғыш рет өте жоғары деңгейде «Астана қаласының 20 жылдығына» арналған Грек-рим күресінен 2002-2004 және 2006-2008 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы Түркістан облыстық №4 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ашық біріншілігі өз мәресіне жетті.
Облыстық сайысқа Шымкент қаласы, Шымкент қалалық жастар спорт клубы, Сайрам, Сарыағаш, Қазығұрт, Жетісай, Мақтарал аудандарынан 18 ге жуық команда, соның ішінде 170-ке тарта спортшылар бақ сынасты. Тартысты әрі қызықты өткен палуандар сайысында жерлестеріміз Түркістан облыстық №4 ОРМБЖСМ спортшылары жүлделі III-алтын, III-күміс, II-қола медальдарды иемденіп, командалық есепте I-орынды абыроймен ұтып, беделімізді одан әрі асырды. Толығырақ айтар болсақ, 24 келі салмақта Салман Ерсұлтан II-орын, 27 келі салмақта Мырзабай Ержігіт II-орын, 48 келі салмақта Ордабек Бөгенбай III-орын, 48 келі салмақта Қадір Мансұр I-орын, 51 келі салмақта Байділда Дінмухаммед I-орын, 80 келі салмақта Керейхан Мұхтархан III-орын, 92 келі салмақта Нұралы Жансерік II-орын, 110 келі салмақта Анваров Әлимардан I-орынды жеңіп алды.
Жалпы командалық есепте: I-орын Түркістан облыстық №4 ОРМБЖСМ(Шардара) ,
II-орын Шымкент қалалық жастар спорт клубы ,
III-орын №1 БЖСМ(Жетісай)
Дүбірлі додада топ жарып, жүлделі орындарға ие болған палуандардарымызды құттықтай отырып, алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз!
«№4 ОРМБЖСМ-ақпарат»

15