ӨТКЕН ЖЫЛЫ ЕЛІМІЗДЕ ҚАТЕРЛІ ДЕРТТЕН 14 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ҚАЗА ТАПҚАН

189
0

Өткен жылдың қорытындысы бойынша елімізде 181 мың адам қатерлі ісік дерті бойынша тіркеуге алынған. Ал аты жаман аурудан 14 мыңнан астам адам қаза болған, деп хабарлайды uakit.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қатерлі ісікпен ауыратындардың өлім-жітім көрсеткіші Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстары мен Алматы қаласында көбейіп тұр.
Мамандар ауруды ерте анықтау сырқат үшін де дәрігерлер үшін де тиімді екенін алға тартуда. Себебі обыр дертін ерте сатысында анықтау оның дамуы мен асқынуларын алдын алуға көп ықпалын тигізеді. Осы мақсатта биыл ел қазынасынан профилактикалық скринингтерді өткізуге 4,3 млрд теңге бөлінген.

uakit.kz