БЫЛТЫР ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 7 МЫҢҒА ЖУЫҚ КӨЛІК ЖОЙЫЛҒАН

221
0

Өткен жылы Түркістан облысында 7 мыңға жуық ескі автокөліктер жойылған. Аталған аймақта ескі көліктердің жойылуы жыл сайын артып келеді. Мәселен, 2017 жылы бұл көрсеткіш небары 1780 ғана болған. Бұл туралы uakit.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Жоғарыда келтірілген мәліметті облыстық ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Ғалымжан Есімов мәлімдеген. Оның айтуынша былтыр өңірде 30 954 адам көлік жүргізуші куәлігін алған. Ал түрлі тіркеу орындарында темір тұлпарларға қатысты рәсімделген құжаттар саны 136 мыңнан асып жығылған. Соның ішінде 3813 жағдайда құжаттар кері қайтарылған.
Құзырлы орган өкілі журналистерге берген деректерінде тіркеу орындарында заңсыз әрекеттерге тосқауыл жасалғанына ерекше тоқталған. Ол тіркеу барысы кезінде ХҚКО орналасқан бөлім қызметкерлері ұрлап айдап әкеткен 5 көлік құралын, 19 жалған құжат, жалған агрегаттармен жүрген 23 автокөлікті анықтағанын айтты.

uakit.kz