ЕЛІМІЗДІҢ 11-МИЛЛИОНЫНШЫ ҚАЗАҒЫ ҚАЗЫҒҰРТТА ТҰРАДЫ

232
0

Таяуда Қазығұрт ауданы, Қарабау ауылдық округіне қарасты Үшбұлақ ауылындағы отбасында Мұхтар Әбдірахым есімді ұл бала туылды. Өз кезегінде ол арнайы базаға еліміздің 11-миллионыншы тұрғыны болып тіркелді. Осыған орай аудан әкімі «11-миллионыншы қазақ» деген дөңгеленген сандардың түзілуіне себепкер болған сәбидің отбасына жаңа пәтердің кілтін тапсырды. Бұл туралы uakit.kz Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

 

Өз кезегінде Мұхтардың әкесі Мәлік Бадамбаев ауыл шаруашылығымен айналысса, анасы Шолпан Күдербекова – мектепте мұғалімі болып жұмыс істейді. Олар аудан әкімнің бұл жәйтті қалт жібермей осылай ескеріп жатқандарына зор алғыстарын білдірді.

uakit.kz