ШЫМКЕНТ БЮДЖЕТ ҚАРЖЫСЫН ТОЛЫҚ ИГЕРМЕГЕН ӨҢІРЛЕР ҚАТАРЫНДА ТҰР

243
0

Осы жылдың І-тоқсанында мемлекеттік органдар 11 миллиард теңгені игермеген,-деп хабарлайды uakit.kz Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.

Бұл туралы  Үкімет басшысының бірінші орынбасары, қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді.

«Бюджет қаражаты 15 миллиард теңгеге атқарылмады, оның  4 миллиард теңгесі үнемделген ақша. 11 миллиард теңге игерілген жоқ. Бұл 2019 жылдың 1 сәуіріндегі көрсеткіштен екі есе аз. Яғни, бюджет қаражатын игеру жұмысы жақсарды деген сөз», – деді Смайылов үкімет отырысында.

Министр бюджет ақшасын игермеген мемлекеттік органдарды атады. Олардың арасында әділет министрлігі, ұлттық қауіпсіздік комитеті, денсаулық сақтау министрлігі бар.

Мемлекеттік бюджет шығыстары 98,7%-ке, республикалық 99,5%-ке, жергілікті бюджеттер 97,7%-ке атқарылды.  

Республикалық бюджет шығыстары 2 триллион 971 миллиард теңгені құраған.  

Бірінші тоқсанда жергілікті бюджеттердің шығысы 1 триллион 213 миллиард теңгеге игерілді. 29 миллиард теңге орындалған жоқ.

«Биыл өңірлерге 1 триллион 499 миллиард теңге нысаналы трансферт қарастырылған. Алдын ала деректер бойынша бірінші тоқсанда оларға 190,5 миллиард теңге бөлінді. Оның 97,1%-і немесе 184,9 миллиард теңгесі игерілді», – деді министр.

4,7 миллиард теңге игерілмеген. Қаражатты игермеген өңірлер қатарында Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола облысы, Шымкент қаласы және Атырау облысы тұр.

uakit.kz