ҰЛЫ ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ШЫМКЕНТТЕ 54 ҰОС АРДАГЕРІНЕ 252 МЫҢ 250 ТЕҢГЕДЕН СЫЙАҚЫ БЕРІЛМЕК
Отан қорғаушылар күні мерекесі және Ұлы жеңістің 74 жылдығына орай Шыымкент қаласының әкімдігі қаладағыы Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл ардагерлерінің басын қосып, мерекелік дастархан жайды. Барлығы 200-ден астам ардагер жиналған мерекелік дастарханда қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов құттықтау сөз сөйлеп, оларға барлық игі жақсылықтарды тіледі.
– Бір-бірімен қатар келетін қастерлі мерекелер қарсаңында сіздердің қайсарлықтарыңыз бен ерліктеріңізге құрмет көрсете отырып, алғыс айтамыз! Келер ұрпаққа бейбіт өмір сыйлаған Ұлы Отан соғысының және тыл ардагерлерінің ерлігін бағалау – біздің парызымыз. Біз – ардагерлерімізді ардақтап, қарттарымызды қадірлейтін халықпыз. Ардагерлерге деген құрметіміз олардың ерліктерінен кем түспеуі тиіс, — деді қала әкімі.
Бүгінде қала бойынша Ұлы отан соғысының 54 майдангері бар. Мерекелік жиын барысында сол 54 майдангерге теледидар сыйланды. Бұдан бөлек оларға Жеңіс күні мерекесі қарсаңында 252 мың 250 теңгеден сыйақы берілмек. Ал қала бойынша 4276 тыл ардагерге 12 мың теңге көлемінде сыйақы табысталады.
Ардагерлер құрметіне жайылған мерекелік дастарханда концерттік бағдарлама ұсынылды.
uakit.kz