ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ШЫМКЕНТТЕ 20-ДАН АСТАМ КӨЛІК КОМПАНИЯСЫНА ЕСКЕРТУ ЖАСАЛҒАН

230
0

Қазіргі таңда жолаушы тасымалымен шұғылданатын көлік компанияларына тұрғындар тарапынан көп шағымдар түсетіні белгілі. Осыған орай жыл басынан бері Шымкенттегі 21 көлік компаниясына қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан 67 ескерту хат жолданған. Ескертуден қорытынды шығармай, қойылған талаптарды сақтамаған 2 бағытпен  келісім-шарт бұзылған.

Бұл туралы журналистерге Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Қуатжан Жұматаев мәлімдеді. Сонымен қатар ол, жуырда ғана жұмыстарын бастаған шалғайдағы шағынаудандарға қатынайтын әлеуметтік маңыздағы 10 бағыттың бір деңгейде жұмыс жасап жатқанын да атап өтті.

Бұдан бөлек басқарма басшысы «SHYMKENT» ӘКК» АҚ биыл 1000 автобус сатып алуды жоспарлағанын, оның 300-і маусым-шілде айларында, қалған 700-і жылдың соңына дейін келетінін жеткізді. Және де ол осы жылы қоғамдық көліктерде электронды төлем жүйесі іске қосылатынын да айтты.

uakit.kz

Сурет авторы: Б. Сейітжаппар.