«ТАССАЙДА» ТЕҢДЕССІЗ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСТЫ

191
0

Жуырда қаладағы «Тассай» индустриалды аймағында «Болашақ-7» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өз жұмысын бастады. Энергетикалық сусындар мен шырын шығаратын жаңа өндіріс орнының өзіндік құны – 1 млрд теңгені құрайды. Өз кезегінде «Болашақ-7» ЖШС өнімнің 14 түрі бойынша айына 35 млн. дана сусын мен шырын шығаруды жоспарлап отыр.
Зауыттың ашылу салтанатына қатысқан қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов өндіріс орнын аралап көріп, ондағы жұмысшылармен тілдесіп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі. Осы ретте жаңадан ашылған бұл кәсіпорын 150 адамды жұмыспен қамтып отырғанын айта кетейік. Өндіріс орнының басшылығы шығарып жатқан өнімдерді тек Шымкент қаласында ғана емес, еліміздің басқа өңірлеріне де сатылымға жөнелтіліп жатқанын, тіпті дайыындалған өнімдердің 30 пайызын Қырғызстан, Өзбекстан мемлекеттеріне экспорттау жоспарланып отырғанын жеткізді. Сонымен қатар олар, шикізатқа өңіріміздің өнімдері қолданылатынын атап өтті.
Аталған өндіріс орнына «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде мемлекет тарапынан қолдау көрсетілген. Яғни, 2 га жер бөлініп, қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген.
uakit.kz