КӘСІПКЕРЛЕР КӨМЕК КӨРСЕТУГЕ КІРІСІП КЕТТІ

207
0

Арыста орын алған жойқын жарылыс салдарынан тұрғындар қауіпсіз жерге жаппай көшіріле бастағаны белгілі. Түркістан облысының аудан, қалалары мен Шымкентке жайғастырылған тұрғындарға кәсіпкерлер қолдан келер көмегін көрсетіп жатыр.

Елімізге белгілі кәсіпкер Қайрат Молдасейітов Арыстағы төтенше жағдайға байланысты арнайы ашылған Шымкент қалалық Атамекен Кәсіпкерлер Палатасы жанынан қаржылай көмек көрсету қорына өз атынан 10 млн. теңге аударды. Бұдан бөлек  «Бөрте Милка» компаниясының басшысы Нұралы Әбішев сауап істен құр қалмай, өз атынан 5 миллион теңге қаржылай қолдау көрсетуде. Және өз өндірісінен 2 миллион теңгені құрайтын «Бөрте Милканың» өнімдерін таратуда.

Арыстық тұрғындар уақытша паналап жатқан аудан, қалаларда жергілікті жердегі халық та құр отырмай, қаржылай көмек пен азық-түлік себетін таратып жатыр.

uakit.kz