АРЫС-КӨМЕК: БЕЛГІЛІ КӘСІПКЕР 5 МИЛЛИОН АУДАРДЫ
Қайырымдылық шаралар кезінде шынайы түрде көмек қолын созудан аянып қалмайтын абзал жан, Түркістан облысы мен Шымкент қаласына белгілі кәсіпкер, «Корпорация «Береке А» ЖШС-нің құрылтайшысы Рәшкүл Оспанәлиева Арыстағы апаттан зардап шеккен тұрғындар үшін өз атынан 5 миллион теңге көмек көрсетті, деп хабарлайды uakit.kz тілшісі.
Кәсіпкер аталған қаржыны «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қорына аударған.
Бұдан бөлек ол Шымкенттегі эвакуациялық пункттің біріне жайғастырылған 250-ден астам арыстық тұрғындарға гуманитарлық көмек көрсетуде.
Естеріңізге сала кетсек, 24-маусым күні Арыста орын алған жарылыстан зардап шеккен тұрғындарға көмек беру мақсатында облыс әкімдігінің бастамасымен «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қоры құрылған болатын. Қорға түскен қаржы жарылыстан зардап шеккен Арыс қаласы тұрғындарының мұқтаждығына жұмсалатын болады.
uakit.kz