ТҮРКІСТАН: 10 МЛРД. ТЕҢГЕ СОМАСЫНДА КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН

Түркістан облысының Кәсіпкерлер палатасы былтыр 10 миллиард теңге сомасында кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғаған. Палатаға келіп түскен 560 өтініштің 418-і оң шешімін тапқан.   Бұл туралы uakit.kz Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.


Бүгінгі таңда, облыс шағын және орта бизнестің жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны бойынша көшбасшы болып табылады және олардың қатары өткен жылмен салыстырғанда 8,5 %-ға артқан.
Айта кету керек, Еңбек бағдарламасы аясында өңірде 12 579 адам оқудан өтіп, оның 7 933 адамы грант иегері атанып, жұмыссыз халықтың 24%-ы жұмыспен қамтылған. Қысқамерзімді оқыту бағыты бойынша 5 466 жұмыссыз азаматтар 3 айлық оқу курстарынан өтіп, 1 477 түлек 745,8 миллион теңге грант иегері атанған. Сонымен қатар, «Бастау-Бизнес» және «Жас кәсіпкер» жобалары шеңберінде 7 113 адам оқуды аяқтаған. Оның аясында 2,7 млрд. теңге сомасына 401 жоба іске асырылып, 3,2 млрд.теңге сомасына 6 456 түлекке грант берілген.
uakit.kz