ШЫМКЕНТТЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛАДЫ

230
0

Еліміз бойынша пайдалануға берілген тұрғын үйлердің аумағы жағынан Шымкент қаласы алғашқы үштікке енген.

Өткен жылы Шымкентте 524 мың шаршы метр тұрғын үй аумағы пайдалануға берілді. Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің аумағы жағынан Шымкент Түркістан және Алматы облысынан кейінгі үшінші орынды түйіндеді.

Бұл туралы бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов халыққа  есеп беру жиынында айтты.

Оның сөзінше, былтыр мемлекеттік бағдарламалар аясында 2 836 пәтерлі 53 тұрғын үй пайдалануға беріліп, 450 көпбалалы отбасы,            242 халықтың әлсіз топтары, 904 жастар баспанамен қамтылған.

Дей тұрғанмен халықтың жылдам өсуінен қалада баспана мәселесі күн тәртібінен түспей келеді.Қазіргі таңда тұрғын үй кезегінде 140 мың  азамат тіркелген. Оның ішінде 40 мың адам- коммуналдық тұрғын үй кезегінде, 100 мың азамат кредиттік тұрғын үй кезегінде түр. Үй кезегіне тұрғандардың 5 мыңы көпбалалы отбасылар.

Осыған байланысты биыл Шымкентте тұрғын үй құрылысы қарқын алады. Қала әкімі Мұрат Әйтенов негізгі құрылыс – «Шымкент сити», «Тұран», «Әкімшілік-іскерлік орталығы» аумағында жүретінін айтты.  

uakit.kz

Сурет: ашық дереккөз