ТҰРҒЫНДАР ӘКІММЕН КЕЗДЕСУДЕ ҚАНДАЙ МӘСЕЛЕНІ ЖИІ КӨТЕРЕДІ?

168
0

Былтыр Шымкент қаласы әкімінің халықпен кездесуінде тұрғындардан 217 сұрақ пен ұсыныс келіп түскен. Бүгінгі таңда соның 186-сы оң шешімін тапқан. Қалған 31 сауалда айтылған тұрғындардың талап-тілектері бақылауға алынған.  

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов халыққа есеп беру жиыны кезінде осылай деді.

Қала әкімі ол сұрақ пен ұсыныстарда қандай мәселелердің көтерілгенін де айтып өтті. Бұл туралы ол «Негізгі мәселелер шалғай елді мекендердегі инженерлік инфрақұрылымға қатысты» дей келе, «мұндай бағыттағы мәселелерді бір жылдың ішінде шешіп тастау мүмкін емес. Ол жүйелі жұмысты талап етеді. Осы бағытта қаланың үш жылдық жоспары әзірленген» деді.

Осы жылғы есеп беру жиынында да тұрғындардың көпшілігі әкімге жарық, су. жол мәселесі бойынша сауал жолдады.

uakit.kz

Сурет: Әсет Әссандидің фейсбук парақшасынан алынды.