ШЫМКЕНТ: 41 КӨПҚАБАТТЫ ҮЙДІҢ ҚАСБЕТІ ЖАҢАРДЫ

228
0

Шымкентте кәсіпкерлер есебінен 41 үйдің қасбеті әрленді. Игі іс «2020 жыл – Шымкент ТМД елдерінің мәдени астанасы» аясында қолға алынған-тын.

Үйлердің қасбетін әрлеу жұмыстары ағымдағы жылдың наурыз айында басталған еді. Қазіргі таңда толық аяқталып отыр. Нәтижесінде  сыртқы келбетінің тозығы жеткен үйлер қазіргі таңда қала ажарын ашып тұр. Қасбеттері әрленген үйлердің барлығы 1960-1961 жылдары бой көтерген.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында қаладағы Республика және Тәуке хан даңғылы бойында орналасқан 41 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеттері 12 компанияның демеушілігімен жөндеуден өтті. Барлық үйлердің сырты заман талабына сай мәрмар тастармен қапталды.

Үйлердің сыртын жаңғырту жұмыстарына жергілікті «Отау-Строй», «А.Р.Т-Құрылыс», «Корпорация Ақ Ордасы», «Каз Медео Гранд», «Kanfar Building» «Шымкентстрой», «Югстройсервис-Н», «Dala-Сonstruction», «Бекстройсервис», «Лидер-НК», «Дани Нан», «Автогаз Трэйд» сынды инвестор компаниялар үлес қосып, 41 үйдің сыртын толығымен жаңартты.

Сапалы құрылыс материалдарымен жаңартылған үйлердің жаңғырту жұмыстарына 10 компания жұмылса, 2 ұйым жөндеуге қажетті заттарды уақытылы жеткізіп, тұрғындардың ыстық ықыластарына бөленді.

Қазіргі таңда қалада қасбетін әрлеу жұмыстарына сұранып тұрған тағы 31 үй бар. Олар қаланың Бейбітшілік, Жібек жолы және Темірлан тас жолы бойында орналасқан.

uakit.kz