ШЫМКЕНТ: 7 ОШАҚ КАРАНТИН РЕЖИМІНЕН АЛЫНДЫ

305
0

Бұл туралы Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. Сала мамандарының айтуынша, қала аумағында 1174 азамат мониторингтік бақылауға алынған. Оның ішінде: стационарда – 826, үй карантинінде – 348.     
Індетке байланысты мегаполисте 71 ошақ тіркеліп, бүгінде оның 7-уі карантиннен алынған.

Ал оқшауланған нүктелерге үш жүзге жуық полиция қызметкері мен 559 Ұлттық ұлан сарбазы жұмылдырылған.
Айта кетейік, тұрғындардың өмірі мен қауіпсіздігін, денсаулығын сақтау үшін 4 -сәуірден Шымкентке карантин енгізілді. Жергілікті билік пен медицина мамандары және полицейлер мен әскерилер күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшті.
18 блок-бекет орнатылып, жеке көліктер мен азаматтардың қозғалысына шектеу қойылды. Маскалық режим енгізіліп, бірқатар мекемелер мен ұйымдардың қызметі тоқтатылды.  
Азық-түлік пен дәрі-дәрмек сататын объектілерден өзге орындардың жұмысы уақытша шектелді. Білім мекемелері қашықтықтан оқытуға көшіп, банктер онлайн режимде қызмет көрсетуге кірісті. Қоғамдық көліктердің қызметі тоқтатылып, қала аумағын дезинфекциялау жұмыстары күшейтілді
2020 жылғы 24 -сәуірдегі жағдай бойынша Шымкентте індет жұқтырған 139 жағдай тіркелді.
18 науқас ауруынан айығып үйіне шығарылды. Өкінішіке орай, 4 азамат көз жұмды. Қайтыс  болғандардың үшеуі Түркістан облысының, біреуі Шымкент қаласының тұрғыны.

Шымкент қаласының төтенше жағдай жөніндегі штабы.