МАҚТААРАЛДА ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ҚАЛЫПТАСТЫ

297
0

2020 жылды 1-мамыр күні Өзбекстан Республикасындағы «Сордаба» су қоймасы бұзылып,  Мақтаарал ауданындағы «ЦГК» каналына 300 миллион текше метр су келіп құйылған.  Соның салдарынан Мақтаарал ауданында жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай қалыптасып отыр.

Өзбекстан республикасының Су шаруашылығы министрінің берген ресми мәліметіне сәйкес,  қазіргі таңда «Сордаба» қоймасынан су жіберу жұмыстары толық тоқтатылған. Дегенмен түнімен аққан сарқырама су  «ЦГК» каналына жиналды. Аталған каналдың су жіберу қуаттылығы секундына 120 текше метр.  Бірақ каналға түнімен секундына 180 текше метр су ағып келген.  Осыны ескерген облыстық төтенше жағдай жөніндегі тиісті қызметтер Мақтаарал ауданындағы 4 елді мекеннен 5400 адамды эвакуациялауға мәжбүр болды. Бірқатар тұрғындар өз көліктерімен туған-туыстарына жайғасса, қалғандары эвакуация барысында «Атакент» кентіндегі мектептерге жайғастырылды.  Эвакуацияланған тұрғындар  былтырғы Арыс қаласында болған жарылыстан кейінгі халықты эвакуациялау тәжірибесіне сәйкес тиісті медициналық қызмет, азық-түлік секілді барлық заттармен қамтамасыз етілетін болады.

Түркістан облысының Өңірлік Коммуникация қызметі.