СЕЙСМОЖАТТЫҒУЛАРДЫ ЖАНДАНДЫРУ КЕРЕК

Түркістан қаласы аумағында азаматтық қорғау бағытындағы іс-шаралар кешенін жандандыра түсу керек.

Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының басшысы Асқар Сейсенов ағымдағы жылдың 9 айында атқарған жұмысы туралы есебінде осы мәселені алға тартады,-деп хабарлайды uakit.kz.

Басқарма басшысының сөзінше 2021 жылдың 20 қаңтарында бекітілген 2021-2023 жылдарға арналған азаматтық қорғау басқару органдары мен күштерін дайындыққа келтіру іс-шаралар жоспары және Түркістан облысы аумағында азаматтық қорғау саласында өткізілген оқу-жаттығулардың 2021 жылға арналған жоспарына сәйкес, өткен жылдың желтоқсан айында Түркістан қаласында санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, кешенді оқу-жаттығу (әрі қарай – оқу-жаттығу) өткізілген.

Өткен оқу-жаттығуларда қаланың азаматтық қорғау қызметтері өз іс-әрекеттері мен дағдыларын әлсіз көрсеткен.

Осыған орай басқарма басшысы қала аумағында азаматтық қорғау құрылымдарының жеке құрамын табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың зардаптарын жою кезінде құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу дағдылары мен әдістерін үйрету жұмыстарын жалғастыруды атап өтеді. Сонымен қатар ол әр тоқсан сайын кемiнде 1 рет қала аумағында орналасқан барлық мекемелерде, шаруашылық нысандарында, сондай-ақ, қала әкiмдiгiнiң ғимаратында сейсможаттығулар өткiзуді, қала көлемінде азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыруды және тиісті ұйымдастырушылық және жоспарлау құжаттарын өңдеу жұмыстарын нормативтік талапқа сай жүргізуді жеткізеді.

Одан өзге қала аумағында азаматтық қорғау құрылымдарын «Азаматтық қорғау құрылымдарын құру, ұстау, материалдық техникалық қамтамасыз ету, дайындау және оларды тарту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі №387 бұйрығының талаптарына сәйкес құруды және жасақтауды ұсынады.