«Осындай жұмысқа тартатындардың барлығы заң шеңберінде қатаң жазаланады» — Білім және ғылым вице-министрі мәлімдеме жасады

795
0

Мұғалімдерді міндетіне кірмейтін жұмыстарды орындататындар қатаң жазаланады. Бұл туралы ОКҚ брифингінде Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова мәлім етті, деп хабарлайды zakon.kz.

Олардың құқықтарын қорғайтын «Педагог мәртебесі туралы» заң бар. Мұғалімнің, мысалы, сенбілікке шықпауға құқығы бар. Егер мұғалімдер бұл дұрыс емес десе, онда олар бас тарта алады, — деді Шолпан Каринова.

Ол бұған дейін Білім және ғылым министрі БҒМ-нің осы мәселе бойынша ұстанымын нақты айтқанын еске салды.

Біз мұғалімдерге міндетіне кірмейтін жұмыстарды орындатуға қарсымыз. Мұғалімдерді осындай жұмысқа тартатындардың барлығы заң шеңберінде қатаң жазаланады, шаралар қабылданатын болады. Мұғалімнің бірінші функциясы – балаларға пән бойынша білім беру. Оқыту, тәрбиелеу – мұғалімнің негізгі қызметі. Басқа іс-шаралар барыңдар деп педагогтерді ешкім мәжбүрлемеуі тиіс, деп мәлімдеді вице-министр.