МЕДИЦИНА САЛАСЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР БАСТЫ НАЗАРДА

Елбасымыздың «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында қаламызда “Репродуктивтік Медицина” институты да өз жұмысын бастады.
«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған қалалық сайлауалды бағдарламасында тұрғындардың 700-ге жуық ұсыныстары ескерілді. 10 басымдықтар мен 149 іс-шарадан тұратын Жол картасын бес жылда іске асыру үшін 1,3 трлн. теңге қарастырылды.
Медицина саласында 4 жылда 10 медициналық мекеме, 2021 жылы 2 медициналық мекеме салу жоспарланған. Нәтижесінде тәулігіне 2500 азаматты қабылдайтын 5 медициналық мекеме салынып, жоспар 250 пайызға орындалды.
2020-2021 жылдары материалдық-техникалық жабдықтарға 13,4 млрд теңге бөлінді. Сонымен қоса Елбасымыздың «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында қаламызда “Репродуктивтік Медицина” институты да өз жұмысын бастады.
Сонымен қатар, партияның «Кедергісіз келешек» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған түзету орталықтарының жұмысы күшейтіліп, «Тең қоғам» оңалту орталығы ашылды.
Тореайм Султанова, “Nur Otan” партиясының фракция мүшесі, қалалық мәслихат депутаты.