Өтемақы төлене бастады

352
0
Алматы қаласында 17 кәсіпкер жалпы сомасы 33 млн теңге болатын өтемақы алды, — деп хабарлайды Zakon.kz.

Шағын және орта бизнес субъектілеріне келтірілген залалды өтеуге арналған өтінімдерді қарау жөніндегі өңірлік комиссиялар кәсіпкерлерден түскен өтінімдерді қарап жатыр.

Биылғы 31 қаңтардағы жағдай бойынша «InfoKazakhstan.kz» электрондық платформасы арқылы Алматы, Шымкент қалаларынан, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарынан залалды өтеуге 2000-нан астам өтінім берілді.

Алматы қаласында сараптамаларды жедел жүргізу үшін 33 сарапшы жұмыс істеп жатыр, 68 сот сарапшысынан тұратын қосымша резерв құрылды.

Өңірлік комиссиялардың жұмысы аясында оң шешімдер қабылданды, алғашқы өтемақылар өтініш білдірген бизнесмендердің есеп шоттарына аударылды.Үкіметтің баспасөз қызметі

Үкімет бизнестің қызметін қалпына келтіру мақсатында оларға келтірілген залалды жедел өтеу жөніндегі жұмысты одан әрі жалғастырады.