ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУ ЖАҚСЫ НӘТИЖЕ БЕРУГЕ ТИІС
Шымкенттегі «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы арқасында өзекті мәселелер өз шешімін табуда, деп хабарлайды Uakit.kz.
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаланың барлық шағын аудандарды, елді мекендерді аралып, тұрғындармен жүздесіп, олардың өтініш-тілектерін тыңдап, айтылған өзекті деген мәселелерді шешу бағытында тиісті сала басшыларына тапсырмаларды беріп келеді.
Жуырда Абай ауданындағы Көкбұлақ елді мекені тұрғындарымен өткен кездесуде шаһар басшысы мемлекеттік бағдарламалар туралы жан-жақты ақпарат беріп, тұрғындар тарапына қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берген болатын. Жиында көкбұлақтықтардың көтерген мәдениет үй назарға алынып, бүгінгі таңда мердігір мекеме тарапынан жобалық сметалық құжаттамасы әзірленуде. Құрылыс жұмыстары 2023 жылға жоспарланып отыр. Жалпы шаһарда әлеуметтік нысандарды қайта жаңғырту, қайта құру жұмыстары кезең-кезең бойынша атқарылатын болады.
Бұдан бөлек, айта кету керек Абай ауданың аумағындағы 34 елді мекеннің 31-і немесе 96 пайызы мемлекеттік электр жарығымен қамтылып отыр. Ал қалған 3 елді мекен немесе 4 пайызы жекеменшік трансформаторларды пайдаланады. Биыл Абай ауданы аумағы 100 пайыз электр жарығымен қамтылады. Шағын аудандар мен елді мекендерді электр энергиясымен қамту бойынша бөлінген бюджет көлемі 2107 жылы 864 млн.теңгені құраса, 2022 жылы 5,2 млрд.теңге бөлініп отыр.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында «Азаматтардың, халықтың барлық өтініш-тілектерін жедел түрде әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру, барлығымзға ортақ міндет» деп айтқан болатын. Осы тұжырымдаманың арқасында билік пен қоғамның арасындағы алшақтық, мемлекеттік органдар мен қарапайым азаматтардың арасындағы қарым-қатынас бір жүйеге келіп, еліміздің әрбір азаматының үнін еститін мемлекеттік аппарат қалыптасып келеді.